Экстремизм-терроризм баптары бойынша сотталғандар « Өмір құндылықтары» жайлы ой қозғады.
Террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды оңалтуда тек діни бағытта ғана емес, жан-жақты жұмыс жүргізу қажет. Соның бірі – психологиялық қолдау көрсету.
Осы орайда, Қызылорда қаласындағы қылмыстық атқару жүйесіне қарасты № 68 мекемесінде оқшауланған аймақтағы сотталғандарына әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
Бұл жолы AQNIET қоғамдық қорының психолог кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанәділқызы арнайы шақыртылып, «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Білікті маман алдымен жазасын өтеушілермен танысып және көңіл күйлерін көтеріп, ойларын толық ашып айтқызу мақсатында, «Шеңбер бойымен жалғасқан есім» және «Орын ауыстырайық» жаттығуларын өткізді.
Әртүрлі іс-әрекеттер жасап, өздері жайлы қасындағыларының жағымды пікірін тыңдаған қатысушылар психолог маманның «Адам өміріндегі құндылықтар қандай?” деген сұрағы бойынша өмір доңғалағы сызбасына отбасы, махаббат, бостандық, денсаулық, иман, білім, жетістік, ақша деп жазды. Осы жазғандары бойынша түрлі пікірлерін білдіріп, өз ойларын айтып жеткізді.
– Жасөспірім кезінен бастап адам ерікті негізде өзінің болмысына бағынуға ұмтылатын өмірлік құндылықтарды, белгілі бір басымдықтарды алғашқы түсіну бойынша қабылдайды. Мен үшін бұрын ата-ана, білім, арман, мақсат болатын. Ал бүгін бостандық, отбасы, ақша дер едім. Жалпы түсінгенім, өмірлік құндылықтар тізбесі кез келген жағдайлар ұсынған қателіктер, сынақтар, қоршаған орта жағдайлары, идеялар нәтижесінде қалыптасады екен, – дейді М. есімді ҚК-нің 256 бабының 2-бөлігі бойынша сотталған азамат.