Ұлттық статистика бюросы 1 мамырдағы халық санына қатысты деректерді жариялады.
1 мамырда ел халқының саны 20 118 478 адамды құраған. Ал жыл басында 20 033 842 адам болатын. 4 айдағы өсім – 84 636 адам.
Оның ішінде табиғи өсім – 79 511 адам. Көшіп келушілер саны – 5 125.
Қала халқы – 12 451 192 адам.
Ауыл халқы – 7 582 650 адам.
Жыл басынан бері Абай, Жетісу, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында халық саны азайған. Қалған өңірлердің бәрінде өскен.
Ең көп өсім көрсеткен өңірлер: Астана қаласы – 27 975 адам, Алматы қаласы – 20 693 адам, Шымкент қаласы – 12 290 адам.
Бұл жерде Астана мен Алматыда халық саны негізінен көшіп келушілер арқасында, ал Шымкентте табиғи өсім арқылы көбейгенін айта кету керек.