Бүгін кішкентай бір қызға ота жасадым. Оған бірінші топтың қаны қажет болды. Біздің ауруханадан ол қан табылмады.
Егізінің сыңары бар екен. Қаны бірдей. Мен оған бұл өлім мен өмір арпалысы екенін түсіндірдім. Қан өте тез керек дедім. Ол кішкене ойланды. Әке-шешесімен қоштасты. Маған қолын созды.
Мұның барлығына мән бермеппін. Қан алып болған соң ол менен:
«Сонда мен қашан өлем?» деп сұрағанда шошып кеттім. Ол қарындасын құтқару үшін өлуім керек деп ойлапты.
Бала жүрек сыңары үшін жанын қиюға дайын екенін сездірді. Бақытымызға орай, екеуі де аман-есен.
Мен қашан өлем