Таяу Шығысты қан сасытқан террористік ұйымдар түбегейлі жойылды ма? Әлемдік қауымдастықты мазалайтын сұрақ бұл. Лаңкестік топтар тамырынан балталанды деген ақпаратқа күмәнмен қарайтындар бар. Солардың бірі – Аманжол. Ол кезінде бейбіт елден безіп, күйретуші күштің қатарына қосылды. Интернеттегі жалған ұранға алданды, «Даиш» жендеттеріне арбалды. Бүлікшіл топтың түлкібұлан тактикасын іштен біледі. Сондықтан лаңкестерден келетін қауіп сейілді дегенге сенбейді.