ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Нұр-Мүбарак университетінің жоғары курс студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды.
Діни маман болудың ерекшелігін екшей түскен Смайыл Сүйерқұлұлы Нұр-Мүбарак университеті мен ҚМДБ арасындағы үздіксіз үрдістің жай-жапсарына тоқталды. Болашақ түлектердің ауыл-аймақтағы қызметінің ел іші, алыс өңірлердегі жамағаттың ғана емес, жас маман үшін де маңызын түсіндірді. Өз тәжірибесінен сыр шертіп, студенттердің де сауалдарына тұшымды жауап берді.
Жастарға жаңа серпін берген жылы жүздесуден кейін Смайыл Сүйерқұлұлын Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат қабылдады. Болашақ жоспарларды саралап, білім беру, Құран жаттау шараларына қатысты университет пен ҚМДБ арасындағы ортақ жобалар төңірегіндегі мәселелерді талқылады.