Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады.
“Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз”. Сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.