Сұрақ: Шынайы мұсылманның бейнесі қандай болмақ?
Жауап: Шынайы мұсылман Алланы бір деп таныған және өзіне міндеттелген парыздарды орындап жүрген жан деп білеміз. Әдетте мұсылманмын деп, мұсылманға тән жұмыстар жасамай көзге түсіп жүрген жағдайлар кездеседі.
Адамгершілік – мұсылман адамға қойылатын басты талап. Өйткені адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылдығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Бұл құндылықтар шынайы мұсылманның бойында болу қажет.
Қоғамда асыра діншілдікке беріліп әр ұлттың қалыптасқан салт-дәстүр, мәдениет, тарих сынды құндылықтарды дінге жат деп пайымдайтын, ретсіз сақал өсіріп, келте балақты болып мұсылманның шынайы бейнесі деп, адасып жүруден сақ болған абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Алла Тағала адамның бет-бейнесіне емес, амалдары мен жүректеріне қарайды» деген.
Икрам АЙТАЕВ