– Ананы қарашы, еркек маймыл ұрғашысын құшақтап еркелетіп отыр, неткен махаббат! – деп таңырқайды.
Еркек үнсіз қалып, одан әрі жүре береді. Ендігі жерде арыстандарды көруге тоқтайды. Сонда әйелі арыстандарға қарап:
– Қарашы, еркер арыстан ұрғашысына көңіл аудармай өз бетімен жатыр, нендей қатыгез еді, – дейді күрсініп. Осы сәтте күйеуі әйеліне:
– Сен бұл ұрғашы арыстанға жерден бір тас алып лақтыршы, – дейді.
Әйелі кідірместен жерден тас алып лақтыра бергенде еркек арыстан ұрғашысының жанына жүгіріп, ақырып, оны қорғай бастайды. Сосын күйеуі әйеліне:
– Енді сен осы тасты мына маймылдың ұрғашысына лақтыр, – дейді.
Әйелі маймылдың ұрғашысына тас лақтырған сәтте еркек маймыл тұра қашады. Сонда күйеуі әйеліне:
– Көрдің бе? Махаббат, сезім деген сыртқы көріністен байқалмайды оны жүректен іздеу керек. Арыстан ұрғашысынан қанша алшақ жатса да ол әркез өз жұбын қорғауға дайын тұрады. Сондықтан, сыртына қарап тон пішуге болмайды, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ