Қақпаның арғы жағынан шыққан үй иесі мән-жайды сұрайды. Ананың мұқтаждығын естіген ол:
– Сенің қолыңда балаңды бағар қаражат жоқ. Одан да балаңды маған бер, мен саған орнына байлығымның жартысын беремін, – дейді. Мұндай ұсынысты күтпеген кейуана дереу бас тартады. Сонда үй иесі оған қайта:
– Жарайды, онда сен маған баланың бір қолын бер мен саған орнына байлығымның 3/1 бөлігін беремін, – дейді. Кейуана бұған да келіспейді. Сонда тағы:
– Онда балаңның бір кішкентай саусағын бер, мен саған дәулетімнің 4/1 бөлігін беремін – дейді. Бұған да келіспей баласын құшағына қатты басады. Сонда үй иесі сөзін қорыта:
– Көрдің бе? Саған қанша байлық ұсынсам да сен ойланбастан бас тарттың. Сен менен бай жансың. Себебі, менде жоқ перзент сенде бар. Ал, перзент деген біздің ешбір қазынаға сатып алынбайтын байлығымыз, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ