ҚМДБ Жастар ісі секторы Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.
Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Сайысқа ҚМДБ «Tawaf Travel» қажылық компаниясының Шымкент қаласындағы жауапты өкілі Азамат Әбдікерімұлы, Тұран ауданының бас имамы Ақтөре Тұрапбай және «Нұр-Мүбәрак» университетіне дайындық орталығының жетекшісі Ералы Есенгелдиев төрелік етті. Ал сайысты Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы жүргізді.
Зияткерлік ойынына 10 команда қатысты. Білім сайысында дін мен дәстүр, шариғат, тарих, әдебиет, спорт т.б. бағыттар бойынша ауқымды сұрақтар қамтылған. Сайыс қорытындысы бойынша «Намыс» тобы бас жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды «Ар-Рақиб» тобы алса, үшінші орынды «Болашақ» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға диплом және қаржылай сертификат табыс етілді.
Жеңіске жеткен команда республикалық «DINTELLECT» сайысына қатысады.