2021 жылғы 26-27 тамызда Шымкент қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.
РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар: Б.Мырзаев, М.Иманбаев, Ш. Адильбаева, М.Исахан. тартылды.
РАТТ мүшелері Шымкент қаласында «Жаңа мешіт», «Қаттани», «Амоли Солих», «Әл-Біләл» мешіттерінің жамағаттарымен, «Сайрам» колледжінің студенттерімен, «Авиценна» медициналық колледжінің студенттерімен, «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыссыздарымен кездесулер өткізді, сондай-ақ №167/1 терроризм және экстремизм баптары үшін сотталған азаматтармен және т. б. кездесулер өткізді. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.