Илхам Әлиев армян оккупациясынан босатылған Шуша қаласын Әзербайжанның мәдени астанасы деп жариялады. Бұл туралы ол Анар Керімовты республиканың мәдениет министрі болып тағайындалуына байланысты қабылдауы кезінде айтты.
“Шуша қаласы бұл мәртебеге лайық. Шушаны тек Әзербайжанның ғана емес, сонымен бірге аймақтың мәдени астанасы деп санауға болады деп санаймын. Шушаның мәдени өмірі бай болуы керек”, – деді президент.
Оның айтуынша, Шушаны қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Бұл қалаға көптеген мамандар жіберілді, тұрғын үй қоры мен тарихи ескерткіштерге тексеру жүргізу, келтірілген залалға нақты баға беру жоспарлануда. “Біз қаланы қалпына келтіруді бастауымыз керек. Шушаның тарихи келбеті қалпына келтірілуі керек”, – деді Ильхам Әлиев.
Президент бұдан әрі 2021 жыл Әзербайжанда “Низами жылы” болатынын жариялады.
Айта кетейік, биыл данышпан ақын және ойшыл Низами Гянджевидің 880 жылдығы атап өтіледі.