«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 қазан – 1 қараша күндері Өскемен қаласында Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары, теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының маманы Жакиянов Дулат Жардемкулович және психолог-сарапшы, полимодальды деструктивті психология маманы Новикова Светлана Николаевна семинар оқыды.
Жакиянов Дулат Жардемкулович «Діни ахуалды мониторинг және талдау мәселелері» тақырыбында тыңдаушыларға діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді.
Новикова Светлана Николаевна «Кризисные состояния, возрастные кризисы, экологичные пути выхода из них» тақырыбымен қатысушыларға психологиялық тұрақтылықтың негізгі аспектілерін терең қарастыруға, сондай-ақ өмірдегі дағдарыс кезеңдерін үйлесімді жеңуге ықпал ететін дағдыларды қалай жетілдіру керек екенін түсіндірді. Сондай-ақ «Стратегия психологической терапии для пострадавших от ДРТ» тақырыбында теориялық аспектілерді, сондай-ақ ДДА құрбандарын қалай қалпына келуге және өз күшіне деген сенімділікті нығайтуға көмектесетін әдістер мен техникаларды іс жүзінде меңгеруін түсіндірді.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.