Санаулы минуттардан кейін Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады.
Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өткені хабарлаyды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады.
Орта Азия мемлекеттері басшыларының басқосуынан еліміздің ертеңі үшін жақсы жаңалықтар күтеміз.