ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің «Ханафиттік мазхаб – Орталық Азияның рухани мұрасы» халықаралық конференциясындағы сөйлеген сөзі (Астана қаласы, 20 маусым 2014 жыл)
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Ең әуелі, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығына осындай айтулы іс-шараға мұрындық болып, оны жоғары дәрежеде өткізіп жатқандығыңызға үлкен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса, олардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады.
Ислам дінінің Орта Азия өңіріне және қазақ даласына келгеніне он екі ғасырдан аса уақыт өтті. Әбу Ханифа мазхабы ислам әлемінде мәзһаб саналып, мұсылмандар мың жылдан астам уақыттан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде.
Орта Азия мұсылмандарын ханафи мазхабы біріктіріп отыр. Ханафи мектебінің қисынды ойға сүйенген ұстанымы, исламдық қағидаттар мен дәстүрлі құндылықтарды үйлестіре білуі осы көп этносты және көп дінді аймақта халықтардың бейбіт өмір сүруіне негіз болды.
Осы ортақ тақырыпты талқылауға Қазақстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан ислам ілімінің белді өкілдері, Татарстан, Башқұртстан және Шешенстанның муфти һазреттері қатысып отыр. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі тарапынан барлықтарыңызға қош келдіңіздер деп айтқым келеді.
Қазіргі қоғамдарымызда болып жатқан діни жаңғыру кезінде ханафи мазхабының маңыздылығын айқындау, елдегі тұрақты діни ахуалды сақтаудың тетіктерін жетілдіру мен дамыту мәселелеріне арналған бүгінгі конференцияның маңызы ерекше.
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Дін қоғамның маңызды саласы, мәдениеттің негізін қалаушы феномендердің бірі. Мемлекет діни бірлестіктердің дамуына тең жағдай жасап, олармен, әсіресе, халықтың тарихы мен дәстүріне жақын болғандарымен әріптестік қарым-қатынас орнатып келеді.
Ислам Қазақстандағы дәстүрлі және басымдыққа ие конфессия болып табылады. Бүгін ел ынтымағы айрандай ұйып, халықтың ықылас, ниеті түзу боп тұрған заман. Бұның нәтижесінде Ислам діні елімізде қарқынды даму үстінде. Мешітке келушілер саны артуда. Еліміздегі жамағаттың қажеттілігіне жетерлік мешіттер ашылып, олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айналасында топтасып бір ұжым болып қызмет етуде. Қазақстанда Нұр-мүбарак университеті мен 9 медресе отандық ислам білім беру жүйесін құрып келеді.
Елімізде Муфтияттың бастамасымен көптеген игі шаралар іске асырылуда. Халықтың діни сауатын арттыруға бағытталған жамағатпен күнделікті кездесу, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу, сауат ашу курстарын жүргізу, имамдардың біліктілігін шетелдік ислам орталықтарында көтеру секілді көптеген кешенді шаралар ұйымдастырылуда.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстаумыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз»,-деп атап көрсетті.
Діни басқарма қарауындағы мешіттердің түгелі Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди діни сенім жолымен қызмет етуде. Осылайша, біріншіден шариғат амалдарының бір болуы басқа жат ағымдар мен бүліктің енуіне жол бермесе, екіншіден, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түседі.
Исламда бір мәзһабта болудың артықшылығы – халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында.
Алайда, жайнамазға маңдайлары жаңадан тие бастаған кейбір бауырларымыздың діни білімі және тарихымыздан мағлұматы жеткілікті болмағандықтан, бейәдептік әрекеттер көрсетіп жатқандығы аландатпай қоймайды. Мазхһабты терістейтіндер бір-екі хадис пен аятты жаттап алып, шариғатқа терең бойламай, пәтуә айтып жатады. Бұл әбестік.
Қазіргі діни радикализм қатері сақталып тұрған аласапыран заманда еліміздің рухани кеңістігінің қауіпсіздігін аман алып қалу өзекті және маңызды.
Дәстүрлі ханафи мәзхабына қарсы шығып, оны ұстанбауды насихаттайтын, ұлттық дәстүрді мойындамайтын, намаз оқымағандарды, соның ішінде әке-шешесін де мұсылман ретінде санамайтын, мұсылман елдерін біріктіріп халифат құрмақ болатын, жиһадты қан төгу деп қана түсінетін, және басқа да неше түрлі шектен шыққан осындай келімсек топтар жалпы Исламның атына кір келтіріп, халықты діннен шошытуда. Сондықтан, дәл қазіргі сәтте, мәзхабты насихаттауға баса назар аудару қажет болып тұр. Себебі, жамағаттың арасында туындап жатқан жікшілдік мәселесін шешіп алмайынша, дін ісін ойдағыдай алға бастыру қиынға соғады.
Қазақстанда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және ұлттық ерекшелікті сақтау жолында Имам Ағзам Әбу Ханифаның діни мұрасы ерекше тарихи рөл атқарды. Әбу Ханифа мазһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез келген дәстүрлерімізді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл осымен де құнды. Қазақ халқының көптеген дәстүрлері исламға дейін де болған, исламнан кейін де осы хақ діннің аясында жоғалмай сақталып келеді.
2014 жыл Бас муфтидің бастамасымен «Дін және дәстүр» жылы атанып, осы бағытта мазмұнды жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Муфтияттың осы шараларының барлығына Агенттік өкілдері де тұрақты түрде атсалысуда. Осыдан бір күн бұрын Өскемен қаласында «Дін мен дәстур радикализмге қарсы» атты конференцияға Бас муфти екеуіміз қатысып келдік.
Дегенмен, Әбу Ханифа ілімінің қоғамымыздағы рөлі дегенде, тек оның мұрасын дәріптеп мақтан етумен, оны тек діни жоралардың амал-тәртіптері ретінде ғана тану танымымыздың шектеліп қалуын білдіретін болады.
Шын мәнісінде, Әбу Ханифа салған сара жолдың мазмұны және маңызы өте терең.
Ханафи мазһабының өзге дін өкілдеріне деген байсалды ұстанымы арқылы Орта Азияның мұсылман халқы мен осы жерлерді мекендеген басқа діндегі тұрғындар бейбіт өмір сүріп келді. Осы жерлерде көнеден бері будисттер мен несториан христиандар ешбір қыспақсыз өз діндеріне сеніп, емін-еркін өмір сүргені тарихтан белгілі. Мазхабымыздың осы бір құндылығын жамағатқа, жас буынға сініріп отыру қажет.
Ханафи мазһабын ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да мықты мұсылмандар болғаны тарихтан белгілі. Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, ғылымда, өнерде және мәдениетте әлемдік өркениеттің жоғары сатысына жетуіне баға жетпес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз.
Орта Азияға Ислам дінінің келуі арқылы, осы жердің данышпандары Хақ діннен нәр алып, білімге деген құштарлықтары арқылы, тек Ислам іліміне ғана емес, әлемдік ғылымға үлестерін қосып адамзаттың тарихында өз орындарын алды.
Аль-Фарабинің фәлсәфа мен логикаға, ибн Синаның медицинаға, аль-Бирунидің астрономия, математика және географияға, аль-Хорезмидің географияға, аль-Ферғанидің астрономияға қосқан үлестері, ашқан жаналықтары мен жасаған ізденістерінсіз осы ғылымдарды елестету мүмкін емес.
Имам Мухаммад аль-Бухари, Абу Мансур ас-Самарканди, Әбу Мансур аль-Матуриди, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи және олардың көптеген замандастары мен ұрпақтары Орта Азияның ғана емес күллі ислам әлемінің мақтанышына айналды.
Ата-бабаларымыздың осы істерімен Орталық Азия ислам өркениетінің гүлденуі мен ислами ілім дамуының тарихи орталығына айналды. Биылғы сәуірде Астанада Дін істері агенттігі өткізген «Орта Азиядағы исламның рөлі» атты халықаралық конференцияда осы тақырыптар кеңінен талқыланды.
Қазір Әбу Ханифа мұрасын жаңғыртуға бағытталған бір қатар шаралар Қазақстанда және көршілес елдерде қолға алынып жатыр. Алайда, осы істер әлі де жеткіліксіз. Мұраға қалған еңбектерді аударып шығару ол тек жарты іс. Ең маңыздысы осы мұраны халыққа түсінікті етіп жеткізу және сол құнды ілім мен даналарымыздың көзқарастарын қазіргі заманға лайықты етіп одан әрі дамыту.
Сондықтан да, Орталық Азия өңірінде тиісті ислами зерттеу орталықтарын дамыту арқылы, дінді де зайырлы қоғамтану ғылымдарын да жетік меңгерген заманауи ғұламаларды, исламтанушыларды тәрбиелеу қажет.
Мемлекетіміздің басшысы XXI ғасырда еліміз дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді. Осы мұрат-мақсаттарға жету жолында бірігіп жасайтын істеріміз, алатын асуларымыз көп. Сондықтан Исламнан рухани өнеге алып, жан-жақты қалыптасқан, еліміздің өркендеуіне ат салысатын ғалымдарымызға мұқтаждық зор.
Ғұлама бабаларымыз, кезінде Исламның және жалпы әлем ғылымдарының дамуына қосқан үлестері қаншалықты құнды болған болса, қазір де осы ғұламалардың абыройына лайық бола алатындай ізін басатын данышпандардың істері қажет.
Имамдарымыз да діни және зайырлы білімді қатар алып жүретін сауатты діни жетекшілер болуы тиіс. XXI ғасырдың имамдары діни сауаттылығымен ерекшеленетін, өмір үрдісінен қалмайтын, жасампаздыққа ұмтылатын еліміздің абыройлы, жамағат арасында беделге ие азаматтар болуы керек.
Ол үшін имамдар өз жүріс тұрысымен, барлық болмысымен жастарға мұсылманның үлгісін өз тұлғаларымен көрсете алулары керек және осындай жауапкершілікті әрдайым сезінулері тиіс.
Ардақты ағайын!
Ислам діні сан ғасырлардан бері халқымыздың тірегі, ақыл мен парасаттың, озық ғылым мен ұлы өркениеттің, мәдениет пен татулықтың діні қызметін атқарып келеді. Салтымызға сіңіп, дәстүрімізге айналды. Ендеше, бүгінгі күні ұсақ-түйекті таласқа айналдырмай, дінде де сара жолды ұстануымыз аса маңызды. Ата бабадан жалғасып келе жатқан, дәстүріміз және мәдениетімізбен біте қайнасып, ұлттық құндылықтарымызға сіңісіп кеткен Абу Ханифа ілімі мен Матуриди мектебі ел мұсылмандарының бірлігінің арқауы бола алады.
Сөзімнің соңында, бүгінгі конференцияға катысып жатқан шетелдерден келген ислам қайраткерлеріне, отандық ғалым-сарапшыларымызға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығына және бүкіл әріптестеріме сәттілік тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!