Мысырдың Гиза қаласындағы шіркеуде жексенбі күнгі құлшылық кезінде өрт шығып, кемінде 41 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Таңғы сағат 9 кезінде копттардың Әбу-Сифин шіркеуіне 5000 адам жиналған болатын. Сол уақытта электр тогынан өрт шыққан. Тілсіз жау сыртқа шығатын есіктің қасынан тұтанғандықтан, адамдар далаға шыға алмай, бір-бірін таптап тастаған. Өкініштісі, қазақ тапқандардың көбі – балалар.
Ясир Мунир есімді тұрғындардың бірі: “Адамдар үшінші және төртінші қабаттарда болатын. Бір кезде біз 2-қабаттан көтеріліп жатқан түтінді көрдік. Бәрі баспалдақпен төменге түсемін дегенде бір-бірінің үстіне құлап жатты”, – дейді.
Мысыр президенті Абдел Фаттах ас-Сиси қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.