Ресейде 15 жыл шіркеуде қызмет еткен дін қызметкері жуырда Исламды қабылдап, Саид-Мұхаммед есімін алып, қажылыққа жаяу аттанды.
Бұл туралы Дмитрий Литвиненко фейсбукта арнайы пост жазды.
“Достар, сіздермен керемет жаңалықты бөліскім келеді. Өйткені, Рамазан – қуаныш пен мейірім айы ғой.
Бұл жаңалықты жазсам ба, жоқ па деп көп ойландым. Оны жарияласам, сол адамның өзіне және қауымына зиян келтірмеймін бе деген күдік болды. Өйткені, ол кейбіреулерге ұнамауы мүмкін. Дегенмен ақылдаса келе болған жайтты жазуды жөн деп таптым.
Жуырда православ дін қызметкері Исламды қабылдап, қажылыққа жаяу аттанды.
Оның Исламға келуі ауылдық жердегі орыс қызының Орта Азиядан келген мигрантқа тұрмысқа шығып, мұсылман болып, орамал таққанынан басталған. Оған ашуланған ауылдастары қызға күн көрсетпеген. Бір күні жергілікті дүкенге кірген оған азық-түлікті сатпай, қуып шыққан. Сол уақытта дүкенде ауыл священнигі тұрған еді, ол әлсіздерге қамқорлық пен әділеттілік танытатын жаны кең адам-тын. Священник адамдарға қызды өз қамқорлығына алатынын және оған қарата айтылған жәбірлеу сөздерін өзі қабылдайтынын мәлімдейді.
Дүкеннен шыға бере қыз жай ғана “Алла сізге игілік берсін” деп дін қызметкеріне дұға тілейді.
Бұл сөздер священникке қатты әсер етіп, Исламды зерттеуге кіріседі. Жаңа дінмен танысу барысында ол өзінің іздегені осы екенін түсініп, Исламды қабылдап, Меккеге қажылыққа жаяу аттануға шешім қабылдады”, – делінген постта.
Мәскеуден жаяу шыққан Саид-Мұхаммед қазір Дағыстанға жеткен. Сол жердің мұсылмандары оны құшақ жая қарсы алып, қолдан келген көмектерін аямады.
Дін бауырымызға сәтті сапар тілейміз!