Ертесіне шиитер қауымы ғалымдарын алып әлгі мешітке келіп сүнниттерді күтеді. Алайда, сүнниттерден ешкім келмейді. Бір уақытта Имам Ахмет бір өзі келіп мешіт алдында аяқ киімін шешім қолтығына қыстырып алып кіреді. Ішке кіре бергенде шииттер қауымы Имамға қарап:
– Ғалымдарың қайда? Біз сендерді күте-күте шаршадық. Қолыңдағы аяқ киімің не? Сыртқы шешіп кірсең болмай ма? – дейді. Имам байсалдылық танытып шиитерге:
– Мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар заманында шиитер аяқ киім ұрлайтын деп естіп едім. Соған қолтығыма қысып ықтиат болып тұрмын.
Шииттер бір-біріне қарап:
– Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар заманында ешқандай шиитер болған емес. Сен не деп тұрсың? – дейді таңырқай. Сонда Имам оларға:
– Егер ол уақытта шиитер болмаса, онда сендер неге мұсылмандардан бөлініп шықтыңдар? Осымен отырыс аяқталды, – деп теріс айналып мешіттен шығып кеткен екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ