Шешенстан билігі Құрбан айт мерекесіне орай 19, 20 және 21 шілде күндерін демалыс күндері деп жариялады. Осындай құжат республика басшысы мен үкіметінің сайтында жарық көрді.
“Құрбан байрамды (Ид әл-Адха) мерекелеуге орай және Шешенстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының ұсынысы негізінде 19, 20 және 21 шілде күндері Шешенстан Республикасында демалыс (мереке) күндері деп жариялансын”, – делінген республика басшысының жарлығында.
Бұған дейін аталған елдің мүфтияты хабарлағандай, мереке күндері мешітке тек коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдар ғана әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып кіре алады.