Жиырма жасар үйсіз жүрген Дамир құжаттарын қалпына келтіріп, жаңа өмір бастау үшін Алматыға оралады. Ол уақытша тегін тұру үшін қала орталығындағы көпқабатты үйдің шатырын паналайды. Көп ұзамай пәтерінен қашып шыққан және бұл “аумақты” өзінің тұрағы деп санайтын “Агент Коклинч” деген атпен белгілі аутист жасөспірім – Костямен шатырда кездеседі. Екеуі шатыр үшін таласып жүргенде, Костяға қайта тіл бітеді. Осыдан кейін оның отбасы Дамирді сиқыршыға балап, жібергісі келмейді. Алайда Дамирдің өз мәселелері жеткілікті еді, бірақ Костяның анасының шәкірті – Софиямен кездескен сәттен бастап бәрі өзгере бастайды. Дамир Софияның жүрегін жаулаймын деп жүргенде, өмірге деген көзқарасын өзгертуге себепші болған шытырман оқиғаға тап болады.