Сұрақ: Шариғатта қанша жастан бастап үйленуге рұқсат етілген? Ұл-қызымызды қанша жастан үйлендірсек болады?
Жауап: Шариғатта үйлену үшін арнайы жас мөлшері бекітілмеген. Хадистерде келгендей, балалар физикалық жағынан толысқан шағында үйленулеріне рұқсат.
Әбу Саид пен Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімнің баласы болса, оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін. Олар есейгенде үйлендірсін (тұрмысқа берсін)» [1].
Хадистен байқағанымыздай, балалар физикалық жағынан есейгенде неке қидыруларына болады. Бірақ, олардың моральды дайындықтарына, некеге деген жауапкершіліктеріне де мән беруіміз керек.
Сонымен қатар, олар некенің негізгі шарттарын да жақсы білуі керек. Егер бір адам өзінің баласының не қызының отбасын құруға физикалық және психологиялық жағынан дайын екендігіне көзі жетсе, онда теңін тауып үйлендіруі керек.
Дұрысы Аллаға мәлім!
[1] Шуабул Иман Байхаки, 8299