Сөздікте оң қол, оң тарап, шын, ант, күш және берекет мағынасларын беретін «ямин» (көпше түрі «әйман») сөзінің терминдік мағынасы «бір адамның сөзі мен сол амалына берік екенін және сол арқылы басқаларды өзіне сендіру үшін Алланың есімімен немесе сипаттарымен айтылған уәдені білдіреді». Ал, сөздің түпкі мағынасы, ант – екеуара уәде берілген жағдайда тараптардың оң қолдары мен қол берісуіне айтылады.
«Құдайға ант етемін, мен бұл жұмысты істеймін»; «Құдайға ант етемін, мен бұл жұмысты жасамаймын»; «Құдайға ант етемін Мен қарызымды төледім» сияқты тіркестерде араб тіліндегі антқа қосымша «қасам» сөзі қолданылады.
Фиқһ кітаптарында «ахид», «мисак», «шәһәдәт» және «азим» сияқты сөздер ант мағынасында қолданылады. Бірақ бұл сөздер, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен ниеттеріне сай қолданылатыны айтылған. Дәл осылай, бір адам екінші біреуге «мен саған мына нәрсені атадым» (адақ, незир) деген сөздері ниетіне қарай ант болғанындай, ажырасу (талақ) және құлды босату (итaқ) сияқты сөздері діни немесе заңды нәтижемен қортындыланады. Сондай ақ, «Егер мен сенің үйіңе кірсем, әйеліммен ажырасымын, қарамағымдағы құлымның азаттығын берем, мынанша садақа беру маған міндет (уәжіп) болсын» деген сөздер де ант болып саналады. Бұл берілген анттар шарттар мен ниетке қарай өтеледі.
Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде ант сөзі көптеген жерлерде сөздік және терминдік мағынада айтылған. Сонымен бірге «хилиф» және «қәсәм» сияқты сөздер көптеген жерлерде ант мағынасында қолданылады. Құранда Алланың сипаттары мен жаратқандарына көптеген жерлерде ант етілген. Алайда, жаратылғандарға ант ету, Аллаға ғана тән. Пенделердің тек Алланың атына және сипаттарына ғана ант етілу керектігінде Ислам ғұламалары арасында сөз бірлігі (иджмағ) бар.
«Ант ететін адам, Алладан басқа еш нәрсеге ант етпесін» [Нәсай, «Әйман» бабы 4 хадис], «Алладан басқа нәрсеге ниет еткен адам, Аллаға ортақ қосқан болып саналады» [Мүснет, ІІ, 34 хадис], «Алла аталарыңыздың атымен ант етуге тиым салды» [Бұхари «Әйман» бабы 4 хадис] хадистері бар.
Сондықтан да «Уаллаһи, биллаһи, таллаһи», «Алланың құдіретіне ант етейін», «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін» секілді сөздермен ант етуге болады. Алланың сөзі жазылғаны үшін Құран Кәріммен ант етуге, қол басуға болады.
Сонымен қатар Алланың Раб, Мәула, Мәлик сынды аттарымен берілген антты мақұл көрген Ислам ғұламаларының басым көпшілігі, ант етілген сөзді емес жергілікті әдет-ғұрыптары мен ниетті басты назарға алған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистеріне сүйене отырып, Ислам ғұламалары, ата-анаға балаға, пайғамбарларға, періштелерге, намазға, оразаға, қағбаға, зәмзәм суына, мазарға және мешіт сияқты қасиетті нәрселерге ант етуге үзілді-кесілді тиым салынған (арам). Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір кісімен сөйлесіп тұрып әкесіне ант еткеніне қатысты хадис [Муслим, Иман бабы 9 хадис] тиымнан алдын айтылғанын және ант беру мақсатында қолданылмағанын хадис ғалымдары тәпсірлерінде көрсеткен.
Сондай-ақ, «Мынаны енді істесем кәпір болайын, еврей болайын, христиан болайын…» деген секілді сөздер Әбу Ханифа және Ханбали мәзһабында ант ретінде қабылданады. Ал, Мәлики және Шафиғи мәзһабы ғұламалары ант ретінде қабылдамаған. Күпірлік сөздерді қамтымайынша адам діннен шықпайды және көпшілік ғұламалар үкен күнәһар болатынын айтады. Фиқһ және ғылымхал кітаптарында қандай сөздер ант болатынын және ниеттің маңыздылығы жайында толыққанды мағлұмат бар.
Анттың түрлеріне келер болсақ. Анттар Алланың атымен берілген анттар мен шартқа қатысты берілген анттар болып екіге бөлінеді. Ал, анттардың мазмұны және жарамдылығы тұрғысынан алатын болсақ, олар үшке бөлінеді.
- Иәмин-и Лағуи.
А) Қателікпен айтылған ант. Қарызынан құтылды деп ойлап «Уаллаһи қарызымды бердім» деп ант ету.
Ә) Сөйлесу барысында ант ету ниеті болмай қателікпен айтылған ант сөзі. [Бұхари, «Әйман» бабы, хадис]. «Алла Лағуи жолымен берілген анттарыңыздан жауапкершілікке тартпайды» (Бақара 255-аят) делінген.
- Иәмин Ғамус. Өткен шақта болған бір оқиғаға байланысты біліп тұрып өтірігіне сендіру мақсатында айтылған ант. Бұған «Иәмин-и Фажира» деп те айтылады. Ал, оқиға шындыққа сай болса «Иәмин Садиқ» деп айтылады. Өтірік, біле тұра жалған ант еткен адамды тозаққа тастайтын болғаны үшін «батыру» мағынасын беретін «Ғамус» сөзімен сипатталған. Ал бұл біліп тұрып жалған айтылған анттың нәтижесіне қарай күнәсі да ауыр болады.
«Әл-Имран» сүресінің 77-аятында: «Аллаға берген сөзін немесе уәделерін азғандай бір нәрсеге айырбастағандар бар ғой, міне солардың ақыретте бір үлесі болмайды» делінген. «Бір мұсылманның мүлкіне қатысты әділетсіз ант еткен адам, Алламен қауышқанда, оның қаһарына ұшырайды» [Бұхар, Иәман бабы, 17 хадис] мағынасындағы аяттар мен хадистер жалған айтылған анттың үлкен күнәлардан екенін білдіреді. Алайда, кінәсіз біреудің мүлкі мен жанын қорғау мақсатында айтылған анттар күнә болмайды және діни тұрғыдан да ешқандай өтемі болмайды.
- Иәмин-и Мун анкида/Макудә. Шарттарына сай берілген ант. «Уаллаһи сені зиярат етемін» сөйлемінде болғанындай болашақты қамтыса (Иәмин Мутлақ), «Уаллаһи сені бүгін зиярат етемін» деп уақытында шектеу қоятын болса, Иәмин-и Муаккат деп айтады. Ал, бір себепке қатысты айтылған антқа Иәмин-и Фәур делінеді. Бір досыңыз сізді түскі асқа шақырғанда «Уаллһи мен түскі ас ішпеймін» дегеніңізде, ант түскі аспен шектеледі. Осыдан кейін жеген астарыңыз оны қамтымайды.
Көптеген шарттармен нақтыланған антқа Иәмин-и Муғаллаза дейді. Бұл айтылған ант қағбада, мешітте немесе қасиетті жерлерде, Алланың бірнеше атын айтып, көпшілік алдына шығып айтылған және көп қайталанып айтылып берілген анттан нақтыланған анттар болып саналады. Тарихта бір келісім-шартқа сай әрекет ету немесе басшылыққа беріктігін білдіру мақсатында айтылған сөздерде нақтыланған анттарды қолданылған. Ең алғаш Әмауилер заманында Хаджаж б. Жүсіп тарапынан халифаларға және басқа да басшылыққа беріктігін білдіру мақсатында айтылған сөздерге нақтыланған антты қосқан. Бұл антқа «Биат иәмин» деп атаған. Анттың үкімдері туралы келесі мақаламызда беретін боламыз.
Исатай Бердалиев
- Әбу Абдуллах Мухаммад б. Идрис б. Аббас әш-Шафиғи (ө. 204/820), el-Üm (Қайта жазған. Рифат Фіузи Абдулмутталиб), Мансура 1422/2001, VIII-том, 149-бет.
- Әбу Жағфар Мухаммад б. Жәррир б. Иәзид әл-Әмули әт-Тәбари әл-Бағдади (ө. 310/923), Жәмиу л-Баиан, (Булак), II-том, 242-бет.
- Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, VIII-том, 126-бет.
- Алауддин Әбу Бәкир б. Мәсуд б. Ахмад әл-Касани (ө. 587/1191), Бедаи, III-том, 2-15, 20-22 беттер.
- Муаффакаддун Ибн Кудама, Әл-Муғни, Бәйрут 1405, X-том, 24-бет.
- Әбу Абдиллаһ Мухаммад б. Ахмад б. Әби Бәкір б. Фарх әл-Куртуби (ө. 671/1273), Әл-Жәмиғ ли Ахкамул Куран, III-том, 97-бет.
- Ибн Хажар әл-Аскалани, Фатхул Бәри (өңдеген. Абдуллазиз б. Абдуллах б. Баз), [Шыққан жері мен мерзімі көрсетілмеген], XI-том, 533-535 беттер.
- Әли б. Сулайман әл-Мәрдауи, әл-Инсаф фи марифати р-Ражих (өңдеген, М.Хамид әл-Фики),Каир 1377/1958, XI-том, 31, 44, 119 беттер.
- Шәмсуддин Мухаммад б. Ахмад әл-Хатиб әш-Ширбини әл-Каһири (ө. 977/1570), Муғни л-Мухтаж, IV-том, 473-бет.
- Мухаммад б. Ахмад әд-Дусуки, (хашия) Ала ш-Шәрхуи л-Кадир, II-том, 134-141 беттер; IV-том, 307-бет.
- Ибн Адидин, Реддул Мухтар(Каир), III-том, 702-бет.
- Хилми Әргунай, Турк Хукукунда Лугат уә Истилах, Ыстамбул 1973, 495-497 беттер.
- Әбулфаттах м. Әбу л-Айнайн, Әл-Қаза уә л-Исбат фи л-Фиқһи л-Ислами, [Шыққан жері мен мерзімі көрсетілмеген], 353-418 беттер.