Сұрақ: Шариғат ұғымын қалай түсінеміз?
Жауап: Шариғат сөзі арабтың «тура, дұрыс жол» деген мағыналарын білдіреді. Яғни, Исламның құқығы негізделген заңдар мен қағидалар жиынтығы. Қайнар көзі Құран мен хадис т.б.
Шариғатты ортағасырлық қатал заң деп пайымдау дұрыс емес. Шариғат ұғымын тұтас алғанда исламдық өмір салты, құрамына әртүрлі – діни, адамгершілік, заңдылық, тұрмыстық өлшемдерді, сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ исламдық мінез-құлықтар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады.
Сондай-ақ, мұсылмандардың иманын айқындап, діни ожданын қалыптастырады. Дін мен салт-дәстүр сабақтасып мұсылмандардың рухани өмірінен орын тапқан. «Шариғат» ұғымы «Жасия» сүресінің 18-аятында «(Уа Мұхаммед) Содан кейін Біз сені дін мәселесінде ап-айқын шариғат иесі қылдық…….» деген.
Икрам АЙТАЕВ