Шариғат – араб тілінде сөздік мағынасы: «түзу, дұрыс жол» дегенді білдіреді. Қолданыстағы теориялық мағынасы болса, Құран Кәрімнің және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері мен іс-әрекеттері арқылы бекітілген ережелерді анықтайтын ғылымның жиынтығы. Сонымен қатар, мұсылмандардың діни құндылықтары мен діни ар-ұжданын қалыптастыратын, мінез-құлықтарын реттейтін нақты нормалардың қайнары болып табылады.
Шариғат – қоғам мен дін арасындағы қарым-қатынасты, отбасы, мемлекет салаларындағы барлық негізгі жақтарды реттейтін нормаларды қамтиды.
Шариғат – әрбір мұсылманның туғаннан бастап дүние салғанына дейінгі мінез-құлықтары мен ережелерінің жиыны. Ол дін, мораль және құқық деп бөлмей, діни, адамгершілік, әдеп пен құқықтық нормаларды қамтиды.
Шариғат алты ғылыми пәнді қамтиды:
- Тафсир әл – Құран Кәрім – құранды түсіндіру ғылымы;
- Хадис – Мухаммед (с.ғ.с) айтқан сөздері мен іс-әрекетін зерттейтін ғылым;
- Калам немесе Усуль ад-Дин – діннің теориялық негіздерін зерттейтін ғылым;
- Фиқһтың негіздері мен дерекнамаларын зерттейтін ғылым;
- Фиқһтың «тараулары» туралы ғылым, практикалық ғылым;
- Фарайиз – марқұмның мүлігін мұрагерлерінің арасындағы бөлу туралы ғылым.
Өзінде құқықтық нормаларды біріктіретін шариғаттың негізгі бөлігі фиқһ, яғни құқықтық нормаларды реттеп отыратын «Ислам құқығы» деп аталады. Ал, Фикһ араб тілінен аударғанда – «айқын түсінік, білім» мағынасын білдіреді. Шариғат пен фиқһ бастапқыда бірдей болғаны мен өзіндік тәсілдері бар. Шариғат барлық исламның барлық ғылымын қамтыса, Фиқһ тек құқықтық саласын ғана қамтиды [1].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
[1] Миргинани, Хидоя – еңбегін негізге ала отырып алынған пікірдің жиынтығы.
Бердалиев Исатай