Шариғатта жылқы етін жеуге тыйым салынбаған. Құран мен сүннетте оның етін жеуге қатысты нақты дәлелдер де жоқ. Ханафи мен Малики мәзһабтарының көзқарастары бойынша жылқы етін жеу мәкрүһ танзиһи (халалға жақын мәкрүһ). Имам Ағзам Әбу Ханифаның (Алла оны жарылқасын) пікірінше «Жылқының еті – нәжістігі үшін емес, құрметті жануар болғандығы үшін мәкрүһ» деп түсіндірген (әл-Ыхтияр кітабы).
Шафиғи, Ханбали мәзһабтары және Имам Әбу Юсуф пен Имам Мухаммедтердің риуаяттары бойынша жылқының етін жеу мүбах (рұқсат етілген) қатарына жатады.
Жылқының басын жеуге болама