«Жаңаөзен қаласының Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» қалалық мешітінде 2022 жылдың 23 маусым күні «Отпан» Ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығы» ҚҚ директоры, РАТТ мүшесі Азамат Тулеповтың қатысуымен жамағат арасында «Исламдағы алғашқы үш ғасыр» тақырыбында дәріс өтті.
Кездесу барысында мешітке келген жамағатқа еліміздің ислам жері екеніне тоқталып, шариғат тұрғысынан дәлел-дәйекті түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен бірге мешітке келуші жамағаттың арасында салафиттік түсінікте жүрген азаматттардың көзқарасын байыптандыру мақсатында қазақстанның қоғамдық құндылықтарына бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
«Мазхабты ұстанбаймыз!», «Құранмен, суннамен ғана жүреміз» дейтін адамдар кездеседі. Олардың бұл ұстанымдары дінде орта жолдан ауытқуға, адасуға алып келеді. Себебі мужтаһид деңгейіне жеткен ғалым болса, ол адамға тікелей Құран және хадистен үкім шығарып, амал етуіне ешқандай қарсылық жоқ. Мазхабты жоққа шығарудың артында мұсылмандарды күпірлікпен айыптау, олардың қанын адал санау және де мұсылман жамағатының арасына іріткі салу екендігі бәрімізге аян.
Қазіргі кезде кейбір жастар зайырлылы Елді – «тағұт» деп түсініп жүргендер баршылық. Ал дін мамандары «тағұт» сөзінің мағынасы күпірлік, шектен шығу дегенді білдіретінін дәлелдеп отыр.
Көпшілік ислам ғұламалары азан шақырылып, жұма және айт намаздары оқылып тұрған елді сондай-ақ алғашында ислам жері болып орнаған (фатх етілген) елдің шариғатта ислам жері екенін дөп басып айтып кеткен.
Сонымен қатар қазақ халқы шариғаттың талабын орындап, өзге дін және ұлт өкілдерінің сезіміне нұқсан келтірмей, татулықта өмір сүріп келе жатқан дана халық екенін ұмытпаған жөн.
Кездесу соңында РАТТ мүшесі А.Тулепов жамағаттың көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарына нақты жауап беріп, алдағы уақытта дәстүрлі ислам түсінігін әрі қарай нығайту керек екенін айтып өтті.