Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округінде “Шайтанка” деп аталатын өзеннің атын ауыстыру туралы мәселе қызу пікірталасқа ұласты.
Жергілікті дін қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері ЯНАО Заң шығару жиынына өзеннің атауына байланысты өтініш тастаған болатын. “Шайтанка – түркі топонимі. Мұсылмандарда бұл шайтан, дүлей күш дегенді білдіреді. Біз өзенді басқа құлаққа жағымды әрі жақсы мағыналы атпен атауды ұсынамыз”, – деді ЯНАО мүфтиінің орынбасары Тимур хазрет.
Қазіргі күні өзенге Светлая, Ямалка, Мирная, Преображенка, Дружба деген атаулар ұсынылып жатыр. Ал енді бір топ белсенді оны “Духовная” деп атаған дұрыс дейді.