1. Кешірім
Мұндай кісінің сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала Өзі беретіндігін мына аятта баяндайды: «Кімде-кім кешірім етіп, аралары жарасса, онда оның сыйлығы Аллаға тән» (Шура – 40).
2. Сабыр
Мұндай кісінің де сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлары есепсіз беріледі» (Зумар – 10).
3. Ораза
Мұндай ораза ұстаған адамның да сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала құдси хадисте есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Ораза Мен үшін (ұсталады) және оның сауабын Өзім беремін».
Жалғас АСХАТҰЛЫ