Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Орал қаласында ішкі саясат, дін істері, жастар басқармалары қызметкерлері, салалық ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері және жастармен кездесті.
Сонымен бірге С. Егізбаев облыстық телеарна жұмысымен танысып, журналистерге сұхбат берді.
Жиын барысында қатысушылар қоғамдық кеңестердің мәртебесін арттыру, ардагерлер туралы заңды қайта қарау, ақпаратқа қол жетімділік, дін және жастар саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс-пікірлер айтты.
Не арқылы:
aqparatqogam