Риуаят бойынша Иса (а.с.) пайғамбар бір кісіні көргенде одан:
– Немен айналысасың? -деп сұрайды.
– Бірыңғай құлшылықпен айналысам, – деп жауап береді.
– Сені кім асырайды?
– Інім.
– Ініңнің құлшылығы сенікінен де толығырақ екен, – депті сонда Иса пайғамбар.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ