Сөйтіп біраз жүрген соң бір ағаштың түбінде демалып жатқан адамға кезігеді. Оның мына ну орманда жан-жағына алаңдамай еркін ұйықтап жатқанына қайран қалады.
– Сен мұндағы жыртқыштардан қорықпайсың ба? Жатысың тым жайлы екен? – деп сұрайды.
Ұйқыдан оянған жолаушы:
– Құдайдан басқа нәрседен қорқайын десем, Алладан ұялып жатырмын – деп жауап берген екен.
Түйін: «Ұят – иманнан».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ