Семей өңірінің имамдары ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті.
Имамдар қарияларға арнап дастарқан жайып, үлкендердің ақ батасы мен ризашылығын алды. Шара барасында өңірдің бас имамы Асқар Әбітайұлы асыл қазыналарымызға денсаулықтары мықты, ауру-сырқаттан аулақ болуын тілеп, уағыз-насихат айтты.
Жүздесу соңында карантин уақытында дүниеден өткен қарттарға және асқа себепкер болған анамыз Бибісара Әбдіжаппар қызының рухына Құран хатым оқылып, сауабы бағышталды.
Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары да мерекелі күнде қарттарды назардан тыс қалдырмай, сый-құрмет көрсетті.