Мали мемлекетіндегі террористермен күрес оның бүкіләлемдік тарихи мұраларына қауіп төндіріп тұр.
Ресми өкілдердің сөзінше, Дженне қаласындағы саздан тұрғызылған мешітке жыл сайын жүргізілетін жөндеу жұмыстары биыл тұңғыш рет қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалмауы мүмкін. Өйткені, он шақты жылдан бері жалғасып жатқан қақтығыстар біртіндеп елдің оңтүстігі мен орталығына қарай ойысқан.
Айта кетсек, Дженненің ұлы мешіті – әлемдегі өңделмеген саз кірпіштен тұрғызылған ең үлкен ғимарат. Ол бұрын Малидың туризм индустриясының ең айшықты орындарының бірі болатын. Бүкіләлемдік мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.