Ол өмірінде білім ізденумен қатар саудамен де жақсы әрі адал айналысатын. Саудада ешкімнің ақысын жемей керісінше тұтынушының жағдайына қарайласатын. Сондай-ақ, ол қарамағындағылардың қажеттерін өтеп отыратын.
Күндердің күнінде саудада ұлы Имамның Хафс ибн Әбду Рахман деген көмекшісі болады. Бірде Имам көмекшісіне тауар беріп базарға сатуға жібереді. Жібермес бұрын Имам тауарлардың ішінде бір киімнің кемістігі барын айтып, сол киімді сатарда, тұтынушыға кемістік барын ескертуді бұйырады. Кешкісін барлық тауарларды сатып Хафс Имамға келеді. Алайда, Хафс кемістігі бар киімді тұтынушыға ескертусіз сатып жіберген болатын. Бұны білген Имам сатылған тауарлардың барлық табысын садақа ретінде беріп жібереді. Мұндай әрекетке тамсанған Хафс Имамның әділ ғалым екеніне тағы бір көзі жетеді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы