Эр-Рияд қаласының корольдік комиссиясы дүйсенбі күні Сауд Арабиясының астанасында метрополитеннің ресми іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Эр-Рияд қаласындағы корольдік комиссияның мәліметінше, жексенбіде үш желі жұмыс істей бастады, оның ішінде негізгі әуежайға дейін апаратын бір желі бар. Бұл бағыттар көк, сары және күлгін сызықтарды қамтиды.
Жексенбі, 14 желтоқсанда метроның тағы екі желісі (қызыл және жасыл) іске қосылады. Соңғысы, қызғылт сары сызық 5 қаңтарда іске қосылады.
Осылайша, Эр-Рияд метрополитені жалпы ұзындығы 176 шақырымды құрайтын алты негізгі желіден тұрады. Жүйеде 85 станция (оның ішінде төртеуі негізгі) қызмет атқарады.
Метро 1083 шақырымды, соның ішінде 776 стансадан тұратын 24 бағыты бар автобус желісіне қосылған. Бұл жобаның жалпы құны шамамен 22,5 млрд долларды құрайды.
Жолаушылар сапарларын Эр-Риядтың қоғамдық көлік желісін (RPT) шарлау мен пайдаланудың ыңғайлы және тиімді әдісін ұсынатын «Darb» қолданбасын пайдаланып сапарларын жоспарлай алады деп күтіліп отыр.
Эр-Рияд қаласы бойынша корольдік комиссияның бұрын хабарлағанындай, метро алғашқы ашылу кезеңінде күніне 1,7 млн жолаушы тасымалдайтын болады. Уақыт өте келе бұл сан толық қуатында 3,6 млн-ға жетеді деп күтіліп отыр.
Жобаның өзі 2012 жылы іске қосылды. Бастапқыда ол 2018 жылы ашылады деп жоспарланған болатын, бірақ жылдар бойы кідірістерге тап болды.
27 қарашада метро жобасын король Салман бин Абдулазиз ашты. Метро Эр-Риядтағы көлік кептелісін 30 пайызға азайтады деп шамаланып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясында сәнді арал пайда болғаны анықталды.