Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге діннің атын жамылған, бірақ ақиқаттан алыс теріс ағымдар келе бастады. Өкінішке қарай, олар діни сауатсыз халықтың миын улап, көп жастарымызды өз қатарларына тартып әкетті. Дегенмен, бүгінгі таңда кез келген жат ағымға қарсы тұра алатын сауатты кадр даярлауға мүмкіндігі мол діни оқу орындарымыз ашылып, жемісті еңбек етіп келеді. «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерді бітірген мамандар деструктивті діни ағым идеологияларына қарсы жұмыс жүргізуде.