Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.
Айта кетсек, С.Тоқпақбаев Қоғраныс министрі, ҰҚК төрағасы, Президент кеңесшісі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет әдебін сақтауы жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты секілді лауазымды қызметтерді атқарған.
Бұған дейін «Даңқ» (1997), «Барыс» (2008) ордендерімен марапатталған. «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) атанған (2000, 2001).