Түркістан облысында орналасқан Сарыағаш медресе-колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті.
Комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Сондай-ақ емтиханды ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры, арнайы пән оқытушысы Қанат Жұмағұл, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Өмірбек Сәрекеев, Сарыағаш медресе-колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы Нұралы Төребеков және осы білім ошағының арнайы пән мұғалімдері Нұрали Еркебаев, Перизат Бурисова, Нұржамал Сманова мен Жүсіпхан Жакипов қабылдады.
Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақтан өтті. Айта кетейік, биыл медресе колледжін 186 түлек тәмамдап жатыр.
Медресе дегенде, оны басқа оқу ордаларымен салыстырғанда, төмен дәрежедегі оқу орны деп түсінетін адамдар баршылық. Өйткені, өткен ғасырдың басында қазақ жеріндегі медресе атаулының бәрі «ескіліктің нышаны» деп тегістей қиратылды емес пе. Ал, ақиқатын айтқанда, медресе барлық оқу орындарынан да жоғары тұрады. Өйткені, медресе – бұл мұсылмандардың рухани азық алар ордасы
Иа дұрыс айтасыз тарихқа көз жүгіртсек, ықылым замандардан-ақ қазақтың небір ғұламалары әуелі сауатын медреселерде ашқан. Ұлы Абайдың да медреседен тәлім алғаны белгілі. Міне, осындай діни оқу ордасының берген білімінің тиянақтылығы, құнарлылығы арқасында ол адамдар қазақтың ірі-ірі тұлғаларына айналды
Қазіргі заманауи медреселер дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығының жоғарғы үлгісіне айналып отыр. Медресе тек қана бастапқы сауаттандырумен ғана шектелмейді. Бұлардың басты қызметі Қазақ халқының діни сауатын ашып, қасиетті Құран құндылықтары мен сүннет сырларын үйретумен бірге, жас ұрпақтың ұлттық нақышты салт-дәстүрімізді де тереңірек танып-білуіне бағытталған.
Тәуелсіздік күні туған кезеңнен бастап, Қазақстанның барлық аймақтарында медреселер қызметі қайта жанданды. Бастапқыда имам-молдалардың ауыл балаларына Құран жаттатуымен шектелген медреселер, келе-келе мемлекеттік үлгіде біліктілігін айқындайтын құжат беретін ресми діни арнайы орта оқу орындары мәртебесіне дейін көтерілді.
«Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, қандай оқудың да оңайы болмайтыны белгілі. Сондықтан да, Сарыағаш медресе колледж түлектеріне сәттілік. Келешекте ислам дінінің өркен жаюына атсалыссам, халқымды имандылық жолына бастасам деген үкілі үмітпен елге қызмет етіңіздер
Діни кадрларымыздың саны мен сапасының артуына, дініміздің өркендеуіне, келешегіміздің айқын болуына елімізде ашылып жатқан медреселердің көмегі өте зор
білімнің әр саласында өз үлесімізді қосып, әлемнің ашылмаған жаңалықтарын зерттеп-зерделеп, діни салада болсын дүниеуи салада болсын еңбек етіп, егеменді еліміз Қазақстанды жоғары мәртебелерге паш еткізуіміз керек
Слово «имам» происходит от арабского «амам», что означает впереди. Имам это лидер, который должен быть примером во всех отношениях, тот, на кого будут равняться. Поэтому имам, где бы он ни работал должен обладать целым рядом личностных и профессиональных качеств. В работе с такой особой аудиторией он, безусловно, должен чувствовать людей, быть отличным психологом, понимать и уметь находить подход к любому, ну и, конечно, быть терпеливым
Удачи выпускникам Сарыагашского медресе колледжа! Работайте честно для страны ✊ ✊ ✊
Діни білім саласында медреселердің алар орны ерекше және берер тәлімі мол. Сарыағаш медресе-колледж түлектеріне сәттілік! Алдағы уақытта Еліміз үшін адал қызмет атқаратын мамандар болыңыздар. Негізінен діни білімді кез-келгеннен емес, мықты мамандардан алған дұрыс. Ал, медресе болса нақты, әрі дұрыс білім алар мықты мамандардан құралған орда. Сондықтан да, діни білім алғысы келген адам медресені айналып өтпегені жөн.
Бұрындары тек жасырын ғана білім бере алған медреселердің қазіргі уақытта Мемлекеттік құжат беретін дәрежеге дейін көтерілгені қуантарлық жағдай. Медреселердің тағы бір астын сызып көрсете алар қуанышты жағдайы, олардың дін мен дәстүр сабақтастығын ұштастыра отырып, мықты кадрлар даярлап шығарып жатқандығы. Ел болашағы үшін де дәл осындай мамандар біздің таптырмас құндылықтарымыз десек те болады. Керемет! Алдағы уақытта жұмыстарыңызға тек сәттілік!
Сарыағаш медресе-колледжі түлектері қатары жылдан жылға арта берсін дейміз. Экстремизм және терроризммен күресте діни білімі мықты осындай оқыған азаматтарымыз, әрдайым қоғаммен бірге болатыны айқын.
Қазіргі қоғамда діни білімді болу өте маңызды. Біздің діни білімімізді ашатын ҚМДБ және болашақ имамдар және мүфтилер. Олар әрқашан қоғаммен тығыз байланыста болуы маңызды.
Жүйелі түрде фундаменталды сабақ алу арқылы өз сенімдерін басқаларға беретін тәлімді жақсартады. Осындай оқу орындарын имамдарға бітіру және жоғарғы оқу орнын бітірсе кең байтақ жеріміздегі ғасырлар бойы жиналған даналықты жеткізе алады деген сенімдемін
Қазіргі таңда кімнің де болсын діни білімі мықты кадрлар арқасында нықталады. Сондықтан да, елімізде осындай мамандар қатары арта берсін!
ТҮСКЕНДЕР БАРМА СОЛ КОЛЕДЖГЕ? БАР БОЛСАГДАР АЙТЫНДАРШ ҚАЛАЙ БОЛДЫ БАРЫ? МЕОДЕ ПРОСТО БІР АЙДАН КЕЙІН ОСЫ КОЛЕДЖГЕ ЕМТИХАН ТАПСЫРАМЫН ҚАЛАЙ БОЛДЫ БАРЫ ҚОРЫҚТЫНДАРМА?