Әлеуметтік желіде деструктивті діни идеологияны тарататын адамдар жиі кездеседі. Соның бірі – Өзбекстан азаматы Самарканди атты уағызшы. Ол түрлі желі арқылы неосалафиттік көзқарастағы уағыздарын, дәрістерін, сұрақ-жауаптарын жиі жүргізеді. Теріс ағымдағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың басым көпшілігі осы шейх Самаркандидің уағызының ықпалына түсіп, радикалданған.