Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Адам өзінің жақсы көргендерімен бірге»,-дейді. Бұл әңгімеге куә болған сахабалардың қуанышында шек болмады[1]». Аталмыш хадисті риуаят етуші бала күнінен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызметінде болған Әнас бин Малик (р.а.): «Мен Алла елшісін, Әбу Бәкірді һәм Омарды қатты жақсы көремін. Менің құлшылығым олардың ғибадатындай болмаса да, оларға деген сүйіспеншілігім себепті жәннатта бірге боламын деген қуаныш мұсылман болған күнімнен кейінгі ең қатты қуанышым сол болды»,-деген екен.
Әрбір мұсылман Пайғамбарды жанымнан артық көремін деп айтса керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Алайда, айтылған сөздің рас немесе жалған екенін көрсететін бір айғағы немесе белгісі болуы қажет. Мұқағали:
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұммедтің үмбетімін[2],-деп жырлағандай Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктің бар-жоғы сүннетке амал етумен аңғарылады.
Бүгінгі замандастар сүннет жайлы сауалға мардымды жауап бере алар ма екен? Өз ата-бабасы сүннетті қалай ұстағанынан хабары бар ма? Байырғы қазақ қоғамында сүннет салт-дәстүрдің мәйегі еді. Қазақтың босағаны оң аяқпен атта, нанды оң қолмен же, кигенде оң жақтан, ал шешкенде сол жақтан баста, ісіңді бісмілләдан баста деген тәрбиедегі сөздерінің барлығы сүннет. Бұған ешкім дауы жоқ шығар. Қазақ салт-дәстүріне сіңген сүннеттің бірі төңірегінде сөз қозғап көрейік. Күнделікті ең көп қолданылатын сүннеттердің бірі – сәлемдесу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендер иманды болмайынша жәннатқа кірмейсіңдер. Ал, бір-біріңе сүйіспеншіліксіз иманды бола алмассыңдар. Бір-біріңе деген сүйіспеншілікті оятатын амалды көрсетейін бе? Араларыңда сәлемде паш етіп, дауыстап беріңдер[3]»,-деген екен. Қазақта: «Көргенді бала алыстан сәлем береді»,-деген мақал осы хадисте амал етуге шақырып тұр.
Енді, қазақтың «Бір күн танысқа қырық күн сәлем» деген сөзінің төркіні сүннеттен екенін бірі білсе, біреу білмес. Бір кісі келіп: «Мұсылманшылықтың ең қайырлысы не?-деп сұрағанда Алла елшісі (с.ғ.с.): «… Танығанға да, танымағанға да сәлем беру[4]»,-деп жауап берген екен.
Сәлем беру әдебі мен реті жайлы хадисте: «Көліктегі жаяу кісіге, жүріп келе жатқан отырғанға, аз адам көпшілікке, жас адам үлкен кісіге сәлем береді»,-деп айтылған. Мұның барлығына қазақтар салт-дәстүріміз деп қарады. Алайда, сүннет екенінен бейхабар. Өйткені, дініміз бен елімізге қауіп төнген зұлымат заманда салтымыз сүннетке темір сауыт бола білді. Салт-дәстүріміз сүннеттің сақталуына қызмет етті. Фариза Оңғарсынова апамыз екі дүние сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) жайлы ең алғаш әжесінен естіген екен Әжесі күнделікті Мұхаммед деген кісі былай айтқан, осылай істеген деп бала Фаризаның санасына сіңіргені соншалық, ол Мұхаммед біздің ауылдың ақсақалы екен деген оймен өскен көрінеді. Міне, қазақ Пайғамбарды осылай жақсы көреді. Сүннетке асқан пайым-парасатпен, ерекше құрметпен амал етеді. Салт-дәстүр мен дінді екі бөлек деп бөсіп жүрген жастар шамалы кідіріп, қазақи салттың мән-мағынасы мен мұратына зер салса игі болар еді.
Руслан ҚАМБАРОВ