– Онда неге маған қарамайсыз?
– Өйткені сені танымадым.
– Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай таниды деуші еді.
– Ғалымдарыңыз дұрыс айтқан. Бірақ сен салауат айтып, мені есіңе алмадың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына байланысты.
Осы сәт әлгі кісі оянып кетеді. Сол күннен бастап күніге жүз салауат айтуды бұлжымас әдетке айналдырады. Біршама уақыттан соң тағы да түсінде пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көреді. Пайғамбарымыз оған «Сені енді таныдым. Ақыретте саған да шапағат жасаймын» деп сүйінші хабар айтады.
Өйткені әлгі кісі салауат айтып жүріп, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жақсы көріп кеткен еді.
Құдайберді БАҒАШАР