Теолог салафизм идеяологиясының қандай елдерде кең таралып, тез тамыр жаятынын айтып берді.
«Салафилік әбден тозығы жеткен, әділеттен жұрдай, коррупция жайлаған, әлеуметтік теңсіздігі бір топтардың қолына қараған, құқық, ар, иманнан, салты мен дәстүрінен ажыраған, өткен тарихы мен ділінен, тілі мен жүйеден жұрдай елде тез тарайды… Бірақ есте болсын, салафилік идеология да ондай елді ретке келтіре алмайды. Олардыкі иллюзия ғана. Себебі ақыл болмаған жерде әсіресе, мемлекетте салафилік тек революцияға ғана жарайды. Арты қайырлы болмайды. Бүгінгі барыңнан айрылып қалуың ықтимал. Сондықтан дамудың идеологияның ең тиімді жолы өз тарихыңда, өз діни тәжірибеңде жатыр. Оны аршу үшін де “ортақ ақыл” қажет! Әзірше қазақта “ортақ ақыл” түгіл “ортақ тіл” де жоқ…» дейді теолог Досай Кенжетай.
Салафизм ағымына тыйым салу мәселесін еліміздің қоғам қайраткерлері, дін мамандары былтырдан бері көтеріп келеді. Алайда, депутаттар тарапынан бұл ұсыныс талқылаған жоқ.