Сұрақ: Сәлафилер ішіндегі Мадхалиттер деген кімдер?
Жауап: Рабиғ ибн Һади әл-Мадхали 1932 жылы Сауд Арабиясында дүниге келген. Мәдина қаласындағы 1961 жылы құрылған «Жамиятул Исламия» университетінің 1976 жылғы түлегі. Ұстаздары: Насруддин ал-Албани (1914-1999), Абдулазиз Ибн Баз (1910-1999), Мұхаммед-Амин Шанқыти (1905-1973) т.б..
Мәдинада оқыған қазақстандық шәкірттер аталған ұстазының қағидаларымен жүріп «мадхалиттер» деп атанып кеткен. «Мадхалиттер» аталған шейхтарының еңбектерін қасиет санап, пәтуаларымен жүреді.
Шейхтарының діни ұстанымдары дәстүрлі ханафи мәзһабы мен Мәтуриди ақидасына қайшы. Өздерінің принциптерімен жүрмегендерді адасушылар, бидғатшыларға санап, Алла үшін жақын тұтпайымыз деп пайымдайды. Діни көзқарастары негізінде қоғамнан оқшауланып жүреді. Аталған шейхтардың пәтуалары мен жазған еңбектері дінараздық алауыздыққа үндейді және зайырлы қоғам талаптарына сай келмейді.
Қазақтан Респубиликасы аумағында идеологиялық діни ағым деп танылған. Аталған шейхтардың иедологиясын насихаттауда жауапкершілік қаралғанын ескерегініміз жөн!
Икрам АЙТАЕВ