Сұрақ: Сәлафилер деген кімдер?
Жауап: Салафия – арабтың «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынасында. «Ас-салаф ас-салихун» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары, табиғиндер (сахабаларды көргендер) мен табаға табиғиндер (табиғиндерді көргендер) кезеңі. Хадисте: «Ең қайырлы буын менің кезеңімде өмір сүргендер. Кейін олардың соңынан ергендер, одан кейін олардың артынан жүргендер» деп үш ғасырды қамтитын ізгі кезеңді айтқан. Бұл кезеңде имам Абу Ханифа, имам Шафиғи, имам Малик, Имам Ахмад атты мәзһаб иелері өмір сүрген. Бұл төрт мәзһаб иелері Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне ғана сүйеніп, соған сай амал еткен. Үш буынның діни сенімдері, діни пәтуалары мұсылмандардың рухани өмірінен орын тапқан. Осы кісілердің еңбектері мен шәкірттері арқылы мәзһаб әлем мұсылмандарына кең таралған. Қазақ халқының тарихтында да Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектептерінің орны ерекше.
Қазіргі таңдағы өздерін «салафи» деп атаушылар, ізгі буындармен байланысы жоқ, дәстүрлі емес исламдық бағыттағы діни ағым. Ғалымдар псевдо, (жалған), нео, (жаңа) тіркеме сөздерін қолдана отырып, «псевдосалафиттер», «неосалафиттер» (жалған салафиттер) деп баға берген. Жалған сәлафиттер өткендердің ізін жалғастырушымыз, таза дінді ұстанушымыз деп, мәзһаб жолын бұрысқа санап, әр ұлттың дінмен сабақтасқан салт-дәстүрлерін жоққа шығарып жүрген діни бағыт.
Икрам АЙТАЕВ