«Бір жаназа намазын оқығаннан кейін, қайтар мезетте Зәйд ибн Сәбитке (р.а.) көлігі қашырын жақындаттым. Осы кезде Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) келіп, үзеңгіні ұстап бергісі келді. Бұны көргенде, Зәйд: «Әй, Пайғамбарымыздың көкесінің баласы, әуре болма, үзеңгіні жібер», – деді.
Ибн Аббас: «Жоқ, бізге ғалымдарды құрметтеу бұйырылған», – деді. Бұны естігенде, Зәйд (р.а.) дереу Ибн Аббастың (р.а.) қолын сүйіп: «Олай болса, бізге де Пайғамбарымыздың ең жақын туыстарына (әһл-бәйт) осылай құрмет көрсету бұйырылған», – деді».
Құдайберді БАҒАШАР