– Олар маған зиян тигізер ме екен, – деп қорыққан бойда бұтақта балалардың кетуін күтіп отырады. Біршама уақыттан кейін әлгі балалар бұлақ басынан кеткеннен соң олардың орнына су ішуге сақалы бар бір кісі келеді. Сонда торғай бұл кісінің сақалын көріп:
– мұндай сақалы бар адам маған зиянын тигізбес, – деп су ішуге түседі. Сонда әлгі сақалды кісі торғайға жерден тас алып лақтырып бір көзін ағызып жібереді.
Бір көзінен айырылған торғай дереу Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға барып мән-жайды айтып шағымданады. Сонда Сүлеймен (а.с.) әлгі сақалды кісіні өзіне шақыртып, торғайдың ақысы ретінде оның да бір көзін шұқуға шешім қабылдайды. Мұндай шешімді естіген торғай Сүлеймен (а.с.) пайғмбарға қарап:
– Олай ете көрмеңіз. Оның көзі маған еш зиянын тигізген жоқ. Сіз одан да оның сақалын толық кесіп тастаңыз. Себебі, басқалар да сақалына сеніп мен сияқты одан зиян шегіп жүре ме деп қорқамын, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ