Еліміздің бостандыққа қандай қиын жолдармен жеткендігі жөнінде қазіргі жастардың білуі маңызды. Себебі тарихты білу арқылы патриоттық сезімдері күшейеді. Сондықтан ҚР дипломатиялық қызметінің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Сайлау Батыршаұлы мемлекет болып қалыптасуымыздың қаншалықты қиын болғанын айтып берді.
– Сайлау Батыршаұлы, Қазақстанның алғаш рет ұйым БҰҰ-ның қатарына кіруге ұмтылысы жайында айтып берсеңіз?
– 25 қазанда атап өтілетін Республика күні – Тәуелсіздік алумен қатар қазіргі Қазақстанның маңызды күндерінің бірі. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бұл Қазақстанның бостандық жолындағы алғашқы қадамы болды. Қазақстан халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айналды және өзінің көптен күткен Тәуелсіздік жолын бастағалы тұр деп бүкіл әлемге жария етілді.
Ал 1991 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында “Қазақстан егемен мемлекет ретінде БҰҰ-ға мүше болатын уақыты келді, оның жарғысында: “біз, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтары, үлкен және кіші ұлттар құқықтарының теңдігіне деген сенімді бекітуге бел будық.
– Сайлау аға, сіздің ойыңызша, Республика күнінің маңыздылығы қандай?
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кей елдер біздің мемлекет болып кетуімізге сенімсіздікпен қарады. Ол кезде дипломатиялық қарым-қатынасты орнату маңызды болғандықтан, оның қалыптасуына үлесімді қостым. Себебі халық Егемендігі туралы декларация негізінде ғана өзін мемлекет ретінде қабылдай алады.
– Декларацияның басты артықшылықтарын да атап өтсеңіз?
– Декларацияның маңызды ережесі – Қазақ КСР халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясатты өз мүддесі үшін айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысу құқықтарын өзіне бекітті. Халықаралық қатынастар орнатудың бастапқы нүктесі болды.
– Сайлау Батыршаұлы, әйелдерге дипломатияға баруға жол қаншалықты ашылды?
– Дипломатиялық қызмет ардагер әйелдері дипломатияға бұрын амалсыздан қабылданғанын, бірақ қазір жағдай айтарлықтай өзгерген. Әйелдер эмпатияға сүйенетін және ортақ шешімге келуді білетін әлдеқайда шебер дипломаттар бола алады. Қазіргі уақытта дипломатиядағы әйелдер үшін барлық жолдар ашық және басшылар олардың қабілеттеріне баса назар аударып, меритократия қағидаттарын ұстанады.
– Әңгімеңізге рақмет!
Балжан Әбдіраш