Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Иордан Хашимит Корольдігінің Умм Кайс қаласында болды.
Мұнда келудегі мақсат сахабаларға зиярат жасау еді. Бас мүфти ең алдымен Алла Елшісі сүйіспеншілік танытқан әйгілі ғалым сахаба Муаз ибн Жәббалдың қабірін зиярат етіп, Құран аяттарын бағыштады. Кейін Меккеде дүниеге келіп, Иордан топырағында дүние салған, тірісінде жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаның бірі болған Әбу Убайда ибн Жаррахтың қабірін зиярат етті. Делегация мүшелері дұға жасап, Құран оқыды.
Сондай-ақ атақты жауынгер сахаба Дирар ибн әл-Азуар қабіріне де зиярат жасалды. Осы сапар барысында Ярмук шайқасы болған мекенге де зиярат етті. Деректерге қарағанда Иордан аймағына 40 мыңға жуық сахаба жерленгені айтылады.