Қазақтың ұлттық спорттық ойындары соңғы жылдары дамудың жаңа жолына түсіп, заманға сай жаңғыруда. Солардың бірі – садақ ату. Қазақтың бұл үлттық өнерін меңгерген жас өзінің ата тек-танымын тереңірек зерделейді. Бойында ұлттық құндылықтар қалыптасып, төл тарихын таниды. Әділетті халифалардан болған Омар бин Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген. Бұдан қазақ халқының ежелден дін мен дәстүрлі сабақтастыра алғандығына көз жеткіземіз.