Сұрақ: “Сөзі мен сертінде тұру” деген қалай түсінеміз және оның Исламдағы рөлі кандай?
Жауап: Араб тіліндегі “аһдул-уәфә” сөзі қазақ тілінде, берген сөзінде тұру, уәдесін бұзбау дегенді білдіреді. Бұдан бөлек “адалдық”, “опашылдық” дегенді де аңғартады. Бұл ұғым – Ислам дініндегі көркем мінездің ең басты ұстанымдарының бірі.
Құранға қарай сөзі мен сертінде тұру әуел баста иманға келіп Аллаға сөз беріп серттесіп, өзінің азат еркі арқылы адалдығын мығым сақтаған мүсылманның көркем мінезіне сай мойнындағы борышы деп саналады. Мейлі адамға мейлі Аллаға берген әр бір серт пен сөз адамды жауапкершілікке байлайды. Осындай жауапкершілікті орындаған адамға «сөзіне адалдық танытты» деп айтылады [Бақара, 2/177; Муминун, 23/8]. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) берген сөзінде түрмауды мүнапықтық белгісі санаған [Муслим, Иман, 106].
Уәдеде тұру – нағыз мұсылманның ісі!
Қазір сөзіне тұрмайтындар көп. Ертең қайтарам деп қарызға ақша алып, қайтармайтындар жетеді. Соларға осы мақаланы оқыту керек!